Қазақтың кең
даласында киелі жерлер аз емес. Солардың бірі
шалғай жатқан Ақтөбе облысындағы – Жарқамыс. Ол аймаққа, о тәубе,
Бекет атаның батасы дарыған. Оған
өткен өмір дәлел. Мысалы , кезінде қазақты жаппай
орыс тіліне шоқындырып, егер ол тілді үйренбесең, бір үзім
нанға қол жетпейтіндей күй туғызыды. Одан қалса, орысқол Кеңес үкіметі ата – бабадан мұра боп қалған
жердің, судың абзал аттарын өздеріне сай жаппай
өзгерте бастады. Соған қарамай,
ол жерде Ана тілі бүгінгі
күнге дейін ешкімнің алдында әлі
бас иген емес. Сенбесеңіз
құлақ түріңіз : Жем ( ауылда «Эмба) деген сөзді қазақ құлақ
қабылдамайды), Оймауыт Сам, Доңызтау ( ең
әрі кеткен өгейлеуі Қарауылкелді) – мінеки, мынадай қазақи иіс – дәмі бұрқырап
тұрған абзал аттарға
қалай құлағыңның құрышы қанбайды?
Әсіресе, көңіл көншитін игілікті іс, кезінде ауданға берген рудың аты – Табын! Кеңес өкіметі нағыз
күшінде кезде жүрексінбей ауданға қойылған ат. Артынан ол ( қазіргідей
Байғанин болғанға дейін) Тасаудан деп те
аталды. Осыдан кейін «Тәрбие тілден
басталады» дегенге қалай
сенбейсің. Ана тілі мерейі үстем
болған жерде Бекет атаның
жолынан тайып кету мүмкін емес. Айтып отырмын ғой, о
жерде бомба жармақ түгіл, тіпті о жаққа қарай
тас лақтыруға болмайды. Неге
десең, ол құдіретті топырақтан
жаратылған екі жанның біреуі
- я ақын, я жазушы. Ана тілінің тайқазаны тасып
тұрған жерде басқаша болу мүмкін
емес. Өлең -жыры арнасынан асқан өзендей,
алшын иіс ақындардың көш керуенін бастаған Нұрпейіс
Байғанин бүкіл ұлтымыздың мақтанышы емес пе? Әрі ақын, әрі сазгер Бәкір Тәжібаевты қай қазақ білмейді? Дарынды жанның
ақ моншақтай ән - жырларын жіпке
тізбегеннің өзінде, «күндіз – түні бір тынбай, дала кезген шапқылап» деген
«Ақбұлағымен» мәңгі есте қалады. Нағыз қазақтың қандай екенін білгің келсе, оған даланың жусанын иіскет, я болмаса, төбесінен сол даланың ьозторғайын сайратып
қой. Сол бозторғайдай бұ дүниеден жырлап
өткен Сағи Жиенбаев та Оймауыттан. Жарқамыстан шыққан талантты ақын -
жазушылар керуені әрі қарай шұбатыла түседі – Тобық Жармағамбетов,
Қажығали Мұқамбетқалиев, Мәди Айымбетов,
Есенбай Дүйсенбай, Сәбит Баймолдин... Сондықтан
айналайын Жарқамыс! Сенің сыбызғы
сыбысындай ат – есімің құлағыма шалынса,
кәрі жүрегім осы күнге дейін елең ете қалады,
елжірейді. Осы Жарқамыста Ана тілінің
уызын татқан жазушы Тобық Жармағамбетов. Жарқамыс ауылы –
жазушының туған жері !
Жазушы Тобық Жармағамбетов және ақын Сағи Жиенбаевтың шығармашылығы бойынша "Жемнің жарық жұлдыздары" атты облыстық байқауына арналған Мәртөк аудандық кітапханасының блогы. ___________________________________________ Библиотечный блог Мартукской районной библиотеки , посвященный творчеству Актюбинского писателя Тобык Жармағамбетова и поэта Саги Жиенбаева на областной конкурс "Жемнің жарық жұлдыздары".
Подписаться на:
Комментарии к сообщению (Atom)

Комментариев нет:
Отправить комментарий