Ақтөбе кітапханасы
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне
облысымызда үлкен жоба — «Ақтөбе кітапханасы» сериясы қолға алынды. Бүгінгі
күнге 20 томдық жарыққа шығып отыр.
«Ақтөбе кітапханасының» алғашқы томы «Адырна» деген
атпен шықты. Мұнда өңірімізде ізі қалған көне жыраулар, Кеңес дәуіріне дейін
өмір сүрген ақындар шығармалары топтастырылған. Екінші томнан оқырман — әйгілі
Нұрпейіс Байғаниннің, үшінші томнан — жазушы, драматург Жиенғали
Тілепбергеновтің, төртінші томнан өмірден тым жас кеткен, бірақ соңында «қазақ
символизмінің атасы» деген аты қалған Бернияз Күлеевтің туындыларын таба алады.
Жақын күндерде ғана қолға тиген бесінші кітапқа Ғалым Ахмедовтің «Жем бойында»
атты тарихи романы еніп отыр. Бұл — Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс жайлы
шығарма. Он екінші
томына өмірден ерте кеткен талантты иесі
Тобық Жармағамбетовтың повестері мен әңгімелері , он үшінші томына қазақтың
көрнекті ақыны Сағи Жиенбаевтың сыршыл лирикасы енгізіліп отыр. Идея авторы және жобаның жетекшісі, белгілі
публицист, ақын, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры Мейірхан Ақдәулетұлының
айтуынша, бұл — 60-80 томдық жоба. Кітаптар Ақтөбедегі
«А-Полиграфия» баспасынан шығып отыр. Әр кітаптың таралымы — 1000 дана. «Ақтөбе кітапханасы» сериясы — кейінгі
қалдырар қымбат мұраның бір бөлшегі.
Адырна. Ақтөбе
кітапханасы -Ақтөбе, 2011. Т.1. - 348.
«Ақтөбе
кітапханасы» сериясымен дайындалып жатқан көп томдықтың бірінші томына
XV-XIXғасырларда қазіргі Ақтөбе облысы шегінде өмір кешкен, көпшілігі ұзақ жыл
отарлық езгіде болуымызға байланысты «ақтаңдақтар»
күйінде қалған, қазір де қалың қарындасқа аса мәлім емес ақындар шығармалары
енді. Кітап Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай шығарылып отыр.
Нұрпейіс Байғанин.
–Ақтөбе, 2011. Т.2.-376 бет. (Ақтөбе кітапханасы).
«Ақтөбе кітапханасы» сериясымен дайындалып жатқан көп томдықтың екінші томына эпик ақын, әйгілі ақын әйгілі
жыршы Нұрпейіс Байғаниннің өлеңдері мен
дастандары және ақынды көзімен көрген белгілі әдебиетшілер жазған естеліктер
енген.
Жиенғали Тілепбергенұлы. Ақтөбе кітапханасы. ІІІ т.-Ақтөбе,
2011.-496 бет.
«Ақтөбе кітапхасы »
сериясымен дайындалып жатқан көп томдықтың үшінші томына жазушы, журналист,
драмашы Жиенғали Тілепбергенұлының повестері,әңгімелері мен пьесалары,
сатиралық суреттемелері енген.
Бернияз Кулеев: Ақтөбе кітапханасы.- Ақтөбе, 2011.-т 4.-280 б.
«Ақтөбе кітапханасы»
сериясымен дайындалып жатқан көп томдықтың төртінші томына қазақ поэзиясы дарабоздарының бірі Бернияз Күлеевтің таңдамалы туындылары
енген.
Ғалым Ахмедов –
Ақтөбе: «А- Полиграфия», 2011.-Сер.:Ақтөбе кітапханасы.
«Ақтөбе кітапханасы» серисымен дайындалып жатқан көп
томдықтың бесінші томына жазушы, аудармашы Ғалым Ахмедовтың XIX ғасырдың
бірінші жартысында патша өкіметінің отарлау саясаты салдарынан елде орын алған
қазақ руларының езгісіне қарсы Есет
Көтібарұлы бастаған көтеріліс жайында жазған «Жем бойында» атты тарихи романы
енген.
Тахауи Ахтанов Ақтөбе кітапханасы. Т 6 .- Ақтөбе , 2011
.- 264 бет.
«Ақтөбе кітапханасы» сериясымен шығарылып
жатқан көп томдықтың алтыншы томына жазушы Тахауи Ахтановтың « Боран»романы мен
«Махаббат мұны» повесі енді. Жазушы « Боран» романы үшін 1966 жылы Қазақ ССр Мемлекеттік сыйлығына ие
болды.
Қанахин Өтебай . «Шамшырақ –
Ақтөбе» ЖШС
Ақтөбе ; 2011. (Ақтөбе кітапханасы сер) Т 7 .- 400 б.
«Ақтөбе кітапханасы»
сериясымен дайындалып жатқан көп томдықтың жетінші томына жазушы Өтебай
Қанахиннің «Құдірет» атты романы енген.
Қуандық Шаңғытбаев . Ақтөбе, 2011.-472 бет.- Сер. : (Ақтөбе кітапханасы).
Т .8
«Ақтөбе кітапханасы» сериясымен шығарылып
жатқан көп томдықтың сегізінші томына Қазақстанның халық жазушысы Қуандық
Шаңғытбаевтың шығармалары енгізіліп
отыр.
Бәкір Тәжібаев. Ақтөбе,
2011.- 288 бет.- Сер. : (Ақтөбе кітапханасы). Т .9
«Ақтөбе кітапханасы»
сериясымен шығарылып жатқан көп томдықтың тоғызыншы томына ақын әрі композитор , ел арасына көп
тараған ән мәтіндерінің авторы Бәкір Тәжібаевтың өлеңдері мен бірқатар ән
мәтіндері енгізіліп отыр.
Ізтай Мәмбетов. Ақтөбе кітапханасы. Ақтөбе : «Шамшырақ –
Ақтөбе» ЖШС , 2011 . – Т 10.-312 б.
«Ақтөбе кітапханасы»
сериясымен шығарылып жатқан көп томдықтың оныншы томына қазақтың көрнекті
ақыны Ізтай Мәмбетовтің өлеңдері мен
дастандары топтастырылып отыр.
Құрманалин Мұхтар Көп томды кітап / М . Құрманалин . –
Ақтөбе , 2013 . – сер .Ақтөбе кітапханасы . 11 том .- 320 бет.
«Ақтөбе кітапханасы»
сериясымен шығырылып жатқан көп томдықтың он бірінші томына ақын Ақтөбе
қаласының құрметті азаматы , ҚР халық ағарту ісінің үздігі Мұхтар Құрманалиннің
шығармаларыенгізіліп отыр.
Тобық Жармағамбетов.
Ақтөбе кітапханасы шығармалары. 12 Т .- Ақтөбе : «Шамшырақ – Ақтөбе» ЖШС
, 2013. -448 бет.
«Ақтөбе кітапханасының» он
екінші томына өмірден ерте өткен талантты қалам иесі Тобық Жармағамбетовтің
повестері мен әңгімелері енгізіліп отыр.
Жиенбаев Сағи. Ақтөбе : «Шамшырақ – Ақтөбе» ЖШС . Ақтөбе кітапханасы сер. 13 Т .-2013 .-320
бет.
«Ақтөбе кітапханасының» он
үшінші томдығына қазақтың көрнекті ақыны Сағи Жиенбаевтың сыршыл лирикасы
енгізіліп отыр.
Үмбетбай Уадин . Ақтөбе кітапханасы. 14 Т .- Ақтөбе :
«Шамшырақ – Ақтөбе» ЖШС . 2013 .-320 бет.
«Ақтөбе кітапханасының» он төртінші томына
белгілі сатирик жазушы Үмбетбай
Уадиннің сықақ әңгімелері мен сатиралық повесі енгізіліп отыр.
Өтежан Нұрғалиев. Ақтөбе кітапханасы . 15 Т. - Ақтөбе : «Шамшырақ – Ақтөбе» ЖШС . 2013 .-320 бет.
«Ақтөбе кітапханасының» он
бесінші томына қазақтың көрнекті ақыны Өтежан
Нұрғалиевтің қанық бояулы сыршыл өлеңдері , боямасыз шындықпен суарылған
айшықты балладалары және тосын үнді философиялық толғаулары енгізіліп отыр.
Дүйсенбайұлы Есенбай.
Ақтөбе
кітапханасы . Ақтөбе : «Шамшырақ – Ақтөбе» ЖШС . 2013 .16 том. -320 бет.
«Ақтөбе кітапханасының» он
алтыншы томына қазақтың көрнекті ақыны , Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының
лауреаты , ұлы Абайдың 150 жылдығы құрметіне өткізілген республикалық
мүшәйраның Бас жүлдегері , Байғанин
ауданыңың , Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы
Есенбай. Дүйсенбайұлының өлеңдері
мен поэмалары енгізіліп отыр.
Сәбит Баймолдин .
Ақтөбе кітапханасы . Ақтөбе :
«Шамшырақ – Ақтөбе» ЖШС . 2013 . 17 том -320 бет.
«Ақтөбе кітапханасының» он
жетінші томына қазақтың белгілі ақыны Сәбит Баймолдиннің өлеңдері мен поэмалары
енгізіліп отыр.
Мәндібай Төрежан. / Идея авторы және жобаның жетекшісі Меірхан
АҚДӘУЛЕТҰЛЫ . Ақтөбе , «Шамшырақ –
Ақтөбе» ЖШС, 2013 . 18 том.- 352 бет. – (Ақтөбе кітапханасы)
«Ақтөбе кітапханасының»он
сегізінші томына белгілі сатирик – жазушы Төрежан Мәндібайдың туындылары
енгізіліп отыр.
Тоқмырзин Құрал . Ақтөбе : «Шамшырақ –
Ақтөбе» ЖШС , 2013 Т. 19 .-400 бет .- (Ақтөбе
кітапханасы)
«Ақтөбе кітапханасының» он
тоғызыншы томына жазушы Құрал Тоқмырзинның повестері мен әңгімелері енгізіліп
отыр.
Құлияс Табыл.
Ақтөбе : «Шамшырақ – Ақтөбе» ЖШС , 2013. 20 Т. - -368 бет.- (Ақтөбе кітапханасы)
«Ақтөбе кітапханасының» жиырмасыншы томына сатирик жазушы Табыл
Құлиястың күнделікті тіршіліктегі
көлеңсіз құбылыстарды шенеген , бір тақырып аясына жинақтаған туындылары
енгізіліп отыр.
Комментариев нет:
Отправить комментарий