Көмілер көзін ашпаса
Көзін ашар көпшілік,
Сүйсіне тыңдай қоштаса...
Сценарий литературного вечера
«Ақиық ақын – Сағи Жиенбаев»
«Ақиық ақын – Сағи Жиенбаев»
Тақырыптың өзектілігі: Қазақтың
бұлбұл үнді саршыл ақыны Сағи Жиенбаев өлеңдері бізде көп сөз бөле бермейді. Ол
туралы сирек жазылады. Бірақ Сағи секілді ірі ақынның сый – сияпатқа бөлінуге әбден
қақысы бар. Сағи туралы жарық көрген еңбектер бар болжаммен , поэзиясы толық
зерттеліп болды деп айта алмаймыз.
Мақсаты : Талантты ақын С.Жиенбаевтың лирикалық
шығармашылығыга бұрын айтылған пікірлерге шолу жасай отырып, лирикасының
жетістіктері туралы мағлұмат
беру.
1.Жүр : Сағи – балалар ақыны емес.. Бірақ балалық
шақтың әсерін бойында сақтап қалған
ақын. Қалам иесі үшін бұл үлкен бақыт.
Балалық шақ - Болашақ аталатын
үлкен университеттің алтын бастауы.
Жыр – адам жанын тазартады. Қалғып
бара жатқан рухыңды сілкіп оятады. Жақсылыққа өмірге
құлшындырады.
Сағи ақын жырлары бейне мөлдір бастау. Шөліркеп келіп бас қойсаң сусының
қанады, мұңдатып жүрсең өзің менсырласып шеріңді тарқатады. Бейне бір сырыңды
сыртқа шашпас жан досыңмен сырласып отырғандай боласың. С.Жиенбаев өлеңдері
үстіне кір жұқтырмас кірпияз жандай мұнтаздай таза болып келеді артық жол, басы
артық бір сөз болсайшы. Әсемдікті сезіндіріп, әдемілік дүниесіне шомылдырып
тұрып та терең ойланып, дүние ғаламға көзіңді ашып, көңіліңді оятып жатады.
Өнегелі жанның өмірінен қысқаша мәлімет. Сағи Жиенбаев 1934 жылы 15 мамырда
Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Оймауыт деген ауылда дүниеге келген. 1955
жылы Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітіргеннен кейін, Жезқазған
руднигінде мұғалім болып қызмет істеген. Сол кездегі өлеңдері ц республикалық
баста сөзде жариялана бастады.
1956 жылдан бірыңғай әдеби жұмыспен айналысты «Қазақ әдебиеті» Қазақстан
пионері газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім
меңгерушісі болып, көп жылдар жазушы баспасының поэзия редакциясын басқарды. Кейін шығармашылық жұмыста болды.
Ақын өлеңдері мен поэмалары жеке
кітап болып шыға бастайды. Атап айтсақҚарлығаш, өлеңдер, А. Жахушы 1959сыйлық,
өлеңдер А.Жаузшы 1960, далагүлі (1961), теңіз сыры өлеңдер (1963), Тау алдында,
өлеңдер (1964), менің көршім. Поэмалар (1965), Қайырлы таң. Өлеңдер (1966), Ақ
қайың өлеңдер (1967), Ор киік. Өлеңдер (1969), Алтын қалам. Өлеңдер (1971),
Жадымдасың жас күнем. Таңдамалы (1972), Әлия лирика. Поэма. (1973). Оймауыт.
Жыр дастандар (1975), Ақ самал. Өлеңдер (1976), Құралай салқыны. Өлеңдер
(1979), Бозторғай.Өлеңдер (1980), Іңкәр дүние. Таңдамалы (1981), Жарық
жұлдыздар. Поэмалар (1983), Нан мен тұз. Өлеңдер мен поэмалар(1984) т.б. кітаптар
да жарияланған. Ақын өелеңдері туысқан халықтар тілдеріне аударылған шет
тілдерде басылған.
Ақынның көптеген өлеңдеріне қазақ қызметкерлері ән шығарады. Сағи Жиенбаев
белгілі компазиторлар.Ғазиза Жұмабаеваның «Еңлік -
Кебек», Базарбай Жұмадияровтың «Махаббат» операларының либиритосын жазды.
Көрнекті ақын сағи Жиенбаев
көркем аудармамен де шұғылданды. А. Пушкин, М. Лермонтов, О. Туманян, В.
Брюсов, Р. Ғамзатов т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударып және кітап
етіп бастырды.Белгілі ақын, аудармашы Сағи
Жиенбаев 1994 жылы қайтыс болды.
2 Вед : Саги
Жиенбаев – поэт – лирик, родился 15 мая 1934 года
в селе Оймауыт
Байганинского района Актюбинской
области.
Трудовую деятельность начал
в 1955 году после
окончания Кзыл-Ординского педагогического института им. Гоголя. Работал
преподавателем казахского языка
и литературы в средней школе №10 г. Жезказгана.
В это же время на страницах
периодической печати появляется его
стихотворения, наполненные глубоким
жизненным содержанием, сразу
же замеченные литературной
общественностью.
Саги
Жиенбаев – автор многих широко
известных поэтических книг. Первый
сборник стихов «Ласточка» вышел в
1959 году. Затем
увидели свет поэтические сборники
«Подарок», «Степной цветок», «Тайна моря»,
«На заре», «Мой
сосед», «С добрым утром», «Белые
волны», «Газель», «Я помню ту
весну», «Алия», «Золотое
перо», «Оймауыт», «Пора цветения», «Жаворонок», «Любовь земная», и многие другие,
проникнутые глубокими раздумьями
о жизни, природе,
высоком предназначении искусства.
Саги
Жиенбаев пишет о родном
крае, о его
необыкновенной красоте.
Умолкла
вьюга – вот и слышно
мне
После ее жестокого
набега,
Как белая береза
в тишине
Роняет на сугробы
комья снега.
И
облаков гряда белым – бела.
Так и
должно быть в этой ранней рани,
Когда
не веришь даже, что скала
Вчера сверкала остротою граней.
Вокруг
деревья затаили дух,
Заледенели после свистопляски.
И в
этой тишине лебяжий пух
Лежит
на кронах вязов без опаски.
Саги
Жиенбаев пишет много стихов о детстве, любимой матери, о друзьях, которым поэт
всегда остается верен,- словом о том, что дорого близко каждому.
Мать.
Сын вырос.
И не
помнит ничего-
Как с
люлькой разлучила ты его,
Как он
впервые вышел на порог,
Как на
весеннем ветерке продрог.
Ты помнишь
все –
И синий
свод небес,
И как сын
на жеребенка влез,
И как упал
на землю через миг.
И как в
слезах к груди твоей приник…
А ты?
Ты
зарыдала рядом с ним,
Таким
незащищенным и родным.
И нет
давным – давно всех этих лет.
Как и
зубов его молочных нет.
И отчего –
то с каждым годом гас
Огонь
прекрасных материнских глаз.
И все
одна. Как перст. И для него.
Сын вырос.
И не помнит ничего.
1.Жүр : Сағи Жиенбаев
жырлаған тақырып мейлінше кең. Қазақ аталатын ұлы халықтың ұлттық қасиеттері
мен бүгінге дейін бастан кешкен қасіреттерін ол өзіндік өрнекпен, мөлтек
сюжетке құрып, мөлдіретіп бере білді. Ол жырлар ішінде бейкүнә балалық - ақын
шығармашылығының алтын өзегі секілді арна тартып жатады. Ақын адалдық азаматтық
кісілік, тазалық ұғымдарының
қай-қайсысын да балалық бейнесінде береді. Демеқ, ақын шығармашылығында балалық
- қарапайым тура мағынасында қолданудан, Дүние-тіршіліктің тірегі саналатын адалдыққа
дейін баламаланып жетіп жатыр. Сондықтан да ақын соғыс аязы қарыған балалық
шағына қарығыздар шығар. Ал біз ақынның балалық шақты басқыш етіп айтқан
оймауыт ойлары мен жампаз жырларына қарыздармыз. Өйткені өзіңмен сырласып,
өзіңмен мұндасып сөйлер ол жырлар бізді пендешіліктен тазартып періштелікке
жетелейді. Ондай сәттері ақын да сезім құбылыс-құйылыстарын ойнақыландыра,
қызындыра, қыздыра "жырлай келіп ...жас сәби қаз тұрғанда, Бар дүние кетті
ғой сәби болып - деп аяқтап жатады. Ақын үшін Жер-дүниеде әділдіқ болуы үшін -
бәріміздің, әрбіріміздің сәбилік сезіміміз өліп қалмауы керек. Сәбилік сезім
ақын үшін кісілік кредосы! Ақын жыры бізді баурайды. Міне, осылай ақын өз
оқырманын адалдыққа баулиды.
Көп дауысты қазақ поэзиясына өлең деген сөздің өзіндей әдемі естілген
айырықша үнімен елеулі үлес қосып келе жатқан, бірақ онысы оншалықты еленбей,
ескерілмей, айтылмай келе жатқан, санаулы лириктеріміздің енді бірі - Сағи
Жиенбаев. Сірә, мұның сыры да әдебиет сынын енжарлыққа итермелейтін біржақты
ұғымда - "оның қалай жазатыны белгілі ғой" деп қолды бір-ақ сілтейтін
қисынсыз қиястыгымызда жатса керек. Ал, егер, ақиқатқа жүгініп, ақын
творчествосына бар ынтамызбен бажайлай үңілсек, бүгінгі күн тынысын көңіл
көзімен жазбай танып, жаңылмай үстау арқылы замандастарымыздың жан-дүниесін
мөлдірете жырлауда өз тұстастарының қай-қайсысынан кем түспейтінін көреміз;
керісінше қалыптасқан қол таңбасын өзгертпей, ауытқып-толқымай табиғи мақамын
айқындаған үстіне айқындауда, шеберлігің жетілдіру жолында көбінен нәтижелі
екенін көреміз.
2.Вед: Поэт
удивительно тонко чувствует и передает в стихах звенящее, чуть тревожное,
чувство любви.
Я грешил,
совершая ошибки,
Безрассудно
порой рисковал.
Из-за
девичьей нежной улыбки
Столько
раз умирал и страдал
Был я в
центре весенней стремнины,
Ледохода,
страстей и тревог,
Я хватался
за краешек льдины,
Чтобы суши
достичь,-
И не мог!
Помню, как
захлебнулись метели,
В черном
небе сияла звезда,
И холодные
рельсы звенели,
И неслись
сквозь меня поезда.
Но ведь
юность –
Счастливейший
случай
Только в
ней –
Настоящая
страсть.
Даже
свергнутый горною кручей,
Я не
должен был взять и пропасть.
Впрочем,
молодость –
Не для
печали.
И меня от
любой западни
Непроглядные
ночи спасали,
А тем
более – светлые дни.
Произведения
Саги Жиенбаева отличаются душевной
теплотой, они утверждают
чистоту человеческих отношений,
проникнуты стремлением к
добру, справедливости, воспевают
мирный труд современников.
У поэта спокойные интонации, тихий
голос и, пожалуй,
главное, что делает
его не похожим
на других, - удивительная
мягкость и доброта.
Я так хочу,
чтобы стихи мои
Играли красками весны,
цветов, заката,
И песни
им дарили соловьи,
И ветер дал
степные ароматы!
Чтобы тепло невидимых
лучей
Они несли
уставшим и гонимым
И чтоб читали
их в тиши
ночей
Влюбленные своим любимым!
1 Жүр: Қай суреткер үшін де мэселе даралана
алуында дедік жоғарыда. Сағи шын мәнінде бүгінгі қазақ лирикасында өзгеше орны
бар ақын. Кірлі қолмен ұстауға болмайтын « бекзат» ақын. Әр бір ақынға айтатын
сөзді Сағиға тілей аламыз. Өйткені, ол сырын тереңге жасыра білетін тым
талғампаз суреткер. Иә, Сағи суреткер ақын. Әр ақын өзінше суреткер. Бірақ
шынайы суреткерлікке көтерілетіндер сирек. Табиғаттың әсем көрінісін қағазға
түсіріп берген ақынның бәрін суреткер дей алмаймыз.Белгілі деңгейде сезімге
әсер өткенмен, болмыстан сұлу сыр түйіп, өмір философиясын тербеу ақыл мен
сезімді бірдей талап етеді.
Ұлы істің барлығы да сүйюден басталады. Сағи
сүйіспеншілігінің өзіне ғана тән өзгеше бір колориті бар. Ол қашанда
абстрактылы ой, сезімнен аулақ. Оның сүйіспеншілігі қанша нақты болса, сонша
нәзік. Ақынды эстетикалық биікке көтерійетін осы тұс. Ол өлшеусіз сезіміне
өлшеусіз теңеу іздемейді. Сезімнің өз тілімен жеткізуге тырысады. Жүректің өз
үнш тыңдатуға күш жұмсайды. Бұл жерде Сағидың өз стилі жол тартады.
Көктемдей нәзік сезіммен
Кеудені күйлер кернейді,
Қара бір жердің өзін де
Қаттырақ басқың
келмейді,-деп ақын өз болмысын өзі жақсы ашады. Мұндай болмыс шынайы ақындарға
ғана бітсе керек. Қейде сөз құдіреті, өнер теңізі дүниені жаулағанмен,
болмыстағы өшпейтін адалдық шынайы сыр барлығынан да биік тұрмақ.
Бірде неміс ақыны И.Бехер: "Егер мен стол үстінде тұрған алманы
шабыттана жырласам, оны бір миллиметрдей жоғары көтеріп, көз алдыңа елестетер
едім" депті. Бұл — лирик ақынның ақындық күші, лирикалық өлеңнің өлендік
қасиеті туралы айтылған әрі бейнелі, әрі өте дәл толғам.
С.Жиенбаев, міне, осындай мұратты
пір тұтып, поэзия сұлулығын қастерлеуші ақындар қатарынан орын алады. Оның
поэзиясы — көңіл сусындатар күміс сыңғырлы, нағыз төгілме поэзия. Және де оны
әмәда сол деңгейде ұстап тұратын нәрсе — түп негізі сонау термелер мен
толғауларда жатқан майда қоңыр ұлттық әуез, ұлттық әуен.
Өлендері, әрине, шынайы шабыт
ұысында отырып жазған сәтті өлендері, өзінің жеңіл де қарапайымдылығымен,
құраусыз құймалылығымен баурап қана қоймай, бір сәт ауада қалқыған ақжібек
орамалдай елестейді. Бұл ретте, әрқайсысы тек тұтастығымен құнды, тұтастығымен
әсерлі шағын ән іспетті десек — нақтырақ
болар. Сөз бен сөздің ішкі үйлесімі мен дыбыс пен дыбыстың сыртқы үндестігінен
туындайтын сырлы сазға ақынның көбірек ыңғай беруі — келе-келе даралық сипатын
айқындауға септігін тигізер бірден-бір ерекшелікке айналып кеткен. Біз
мұнымызбен атамзаманнан бері ғұмыр кешіп келе жатқан көркемдік құрал —
аллитерацияны, табиғилықпен көрініс тапқан күнде өлең қүдіретін өлшеусіз арттырар
құпиясы мол қасиетті жомарттық қылып С.Жиенбаевтың ғана қанжығасына байламақ
емеспіз. Әңгіме — оның осы тәсілді ізденпаздықпен жете игеріп, ақындық
домбырасының ішегі етуінде болып отыр.
2 Вед: Саги
Жиенбаев автор более 30 книг стихов
и поэм. Заслуженным
успехом пользуются его поэмы
о Героях Советского
Союза Алие Молдагуловой и
Нуркене Абдирове.
Лучшие
стихи поэта положены
на музыку, и
они широко популярны
в народе. С.Жиенбаев – автор
либретто к операм «Енлик – Кебек», «Махамбет»,
«Едыге-Буранный». Особенно любимы в народе
его песни: «Ана», «Ақеркем –әнім», «Достарым», «Елім менің».
С.Жиенбаев плодотворно работал и как переводчик мировой
поэзии. В его переводах ярко
прозвучали на казахском
языке бессмертные творения
Байрона, А.С.Пушкина, М.Ю.
Лермонтова, О.Туманияна, Я.Смелякова, Р.Гамзатова и
других классиков мировой
литературы. Являясь членом
правления Союза писателей
Казахстана, он много
сил отдал становлению и развитию литературной молодежи, воспитав целую
плеяду лириков –
последователей своего стиля. Его книги
переведены и изданы
на русском, украинском,
белорусском, узбекском, азербайджанском, армянском,
киргизском, туркменском, грузинском,
а также на
немецком, польском, чешском,
румынском, монгольском, французском
и других языках.
1 Жүр: Творчествосын қара басының емес, қайғысы
мен қуанышы ортақ болған өз буынының — бүкіл ұрпақтың ғұмырнамасына айналдыруды
биік мұрат санайтын лириктердің барлығы дерлік қалам тербеген мэңгілік
тақырыптар оған да тән. Балалық шақ, жігіттік дәурен, махаббат мехнаты, туған
жер қадірі, бейбіт өмір, адам тағдыры және тағы басқа.
Иә, бұлар — бір қарағанда, ешкімді
де өлең еткізбестей ескі, көпті көрген көне тақырыптар. Ал, енді Сарьяның сары
бояуындай әр таланттың әрқилы үнімен әуезге түсірілгенде мың сан мазмұнмен
көрініс табатынын ескеріп тереңірек пайымдап көрелік. О - о, онда осынау
фэнидің өзіндей әрқайсысы құпиясы шексіз өз алдына бір әлем. Сондықтан да лирик
туралы негізгі әңгіме, оның сол бір әлем аясынан көргені мен тапқаны, сезгені
мен түйгені не деген ауқымда болса керек.
Біз С.Жиенбаевтың — соңғы оншақты жыл ішінде
әдебиеттегі өз орны біршама айқындалған қаламгердің творчествосына да осы
қырынан келіп, ой қозғамақ ниеттеміз. Өйткені, ол бірнеше поэмалар жазып,
эпикалық салада бағын сынағанымен бар мүмкіндігін, ақындық болмысын лирикада
жан-жақты танытып, мойындатты. Баршаға ортақ тебіренісі көздерінен, өлең
қайнарларынан өз бұлағына жол аршып дараланды, жағасын жасыл құрақ көмкерген
үлкен арнаға шығып, үмітін алдамас алыс көкжиегіне бет түзеді.
Ақын адымы туған жерден басталады. Ол орынды да. Еділдің
кішкентай сызашықтан басталатын секілді, үлкен Отан да әркімнін өзініц туған
жерінен басталып, алысқа арна тартады. Сағи өлендері туған жер деп айқайлап
тұрмаса да, сол өзі өскен өлкенің өзгеше тынысын, табиғат даралығын, самал
желінің ерекше бір ескен лебін сездіреді.
Шарладым қыр мен ой ішін,
Жұпарын жұттым жал-кұздың.
Жалғызсын, далам,
мен үшін, Сен үшін,—
Мен де жалғызбын,—
дейді ол «Калмайды менің
жанымнан» деген өлеңінде. Ақынның туған жер туралы жазған өлеңдерінің ішінен
оқиғаға құрылған «Суретші» деген өлеңі оқшау, озық тұр. Суретші суретін алып,
самолетке мінейін десе, кезекші келіп, қағазыңды бағажға бер дейді. Сонда
суретші дірілдеп толқып, қатты қобалжып, былай дейді:
Суретші ем...
Туған ауылымның
Бейнесін ала шығып ем,
Өлең былай қарағанда осымен
аяқталса да болатындай. Бірақ ақын оны әрі тегеурінді, әрі ауқымды, әрі
тартымды, тапқыр шумақпек шиыр-шық атқызып аяқтайды:
Аспан мен жердін арасын Келеді
шарлап кус аппақ. Өзінік туған даласын Жас жігіт отыр қушақтап.
Суреті — туған даласы. Суретті
құшақтауы арқылы ол бүніл даланы құшақтап отырды деуі жарасымды, шымыр түйін.
Туған жер туралы жазған өлеңдерінің ішінде Сағидың өзінің оқушыларымен
кездескенде көбірек окып жүрген өлендерінің бірі—«Ауыл қарттары». Бұл өлеңде
ауылға арнаған махаббатың қарттарға деген жүрек жылуымен кішілік ізетімен сезім
серпінімен жеткізеді. Ақын:
Алдында жүрші көзімнің
Асылым,
Алтын қазынам,
Ауыра қалсам,
Өзімнің
Пейіліңмен-ақ жазылам...
Сағынтып талай жыр туар,
Оралар әлі-ақ сан жыршы.
Даламның пісі бұрқырап,
Карттарым,
Аман-сау жүрші деп аяқтайды.
Қарттардың образы арқылы бүкіл даланың образы беріледі.
Сағи ауылының адырларын баспалдак етіп, биік аспанға самғайды. Алдынан
ашылған жаңа қалаларға ақынның құмарлық-құштарлығы, ынта ықыласы арта түседі. Шабыттана қалам сілтейді.
Талпындым, ерге
шықтым,бұлдырадым,
Үйрендім ерке назды бұлбұл
әнін.
Кеудемде күндіз-түні
жырласын деп,
Келдім де кұйып алдым мың
бұлағын.
Ақын бұлбұл әнін кеудесіне құйып алып, өзенінің кең айдынына құлаш
сермейді. Өнердің үл-кен жолыиа қадпм басады. Сол жолда оны жебеп, қолтығынан
демеп, өмірдің асқар биігіне бастайтын
ақын ағынан жарыла жыр етеді.
Таудық да тасын қашадық,
Талай күн тыным таппастан.
Бейнеңді кұйып жасадық
Таудағы мәрмәр ақ тастан.
Биікке койдық оны біз,
Бәрінен биік болсын деп.
Азаматтық мазмұны асқақ
ойлар әрі қарапайым, әрі нұрлы сөздер арқылы жылы бір толқындай тамырды
дірілдетіп өтеді.
2.Вед; Саги Жиенбаев награжден Почетной грамотой
Верховного Совета СССР и другими правительственными наградами. Умер поэт 15 мая
1994 года в городе Алматы.
Постановлением Правительства Республики
Казахстан за № 257 от 16 февраля 2000 года имя поэта Саги Жиенбаева присвоено
Актюбинской областной юношеской библиотеке. В городе Актобе одна из улиц носит
имя Саги Жиенбаева.
атты ауызша журналдың
сценарийі.
Ауызша
журналдың мақсаты : «Оқитын өлке» акция аясында
оқырмандырымызды Ақтөбе өңірінде
дүниеге келген жазушы Тобық
Жармағамбетовтың шығармашылығымен кеңінен таныстырып, кітаптарын
оқуға насихаттау.
Көрнекілігі : Жазушының өмірбаяны және шағармашылығына арналған
слайд, ауызша журналдың бөлімдері жазылған беттері.
1.Жүр: Қайырлы күн
құрметті бүгінгі акциямыздың қонақтары!
Кәрі тарихқа жіберіп жіберіп алған
есесін қайтарып алуға, жоғын
түгендеуге, барын бағалауға енді
ғана кірісіп, өзінің өзі екеніне
енді ғана сеніп,
бойын тіктеп, еңсесін енді ғана көтеріп жатқан қазақ айналайынның
ұлы Даласының барлық
тараптары сияқты Ақтөбе өңірі де киелі сары жұрттың бірі. Тарихтың «атасы» делініп
жүрген аты басқа , сойы жат Геродоттың
жазуында «Гиргис» аталып жүрген
көне Ырғыздың, Жерұйық іздеген
Асан қайғының бойын тітірете толқытқан,
«Ойыл көздің жасы еді…» дегізген
Ойылдың, қарақыпшақ Қобланды атын
суарған Елек пер Қобданың,
Абаттың,Әжібайдың, Әйтекенің,
Алтайдың, Есет пен Бөкенбайдың, Асау мен
Барақтың, Сәңкібай мен Қайдауылдың,Есет
пен Дәрібайдың, … талай аруақты ердің «кір – қоңын жуған, кіндік кескен»
асыл жұрты болған аруағы асқақ өлкенің
абыройлы тарихы өз алдына, осы
өңірде туып – өскен, бертінде
күллі қазаққа рухани ұстаз болған ұлы Асан қайғыдан, данышпан Мөңкеден
бастау алып, бүгінгі жастарға дейінгі аралықта
жатқан әдебиеті де дербес бір ұлттың маңдайына
тұтарлықтай дәрежеде екені
сөзсіз. Көз жетерлік көне заманның ұлылары Асан
қайғы, Қазтуған, Мөңкеден
бергі рухи өнер - сөз
өнері Ақтөбе өңірінде
биігінен түсіп көрген жоқ, заманалар
ауанына қарай түрленіп, халықпен бірге
жасап, бүгінге дейін жетті. Бұл -
халықтың зар шегіп, қысас
көрсе де, ұлт барда
жойылуы мүмкін емес рухани мәдениетінің көрінісі.
2 Жүр: «Ұлт өзін танып – білу үшін өзінің
ақындарын дүниеге әкеледі»
дейді бұрынғының данышпандары. Әдебиетті,
әсіресе, өзің туып – өскен
өңірдің әдебиетін, өнерін,
тарихын тану біз айтып жүрген
ұлтжандылықтың, елжандылықтың, отансүйгіштіктің басты
шарттарының бірі деп ойлаймыз. Жыл сайын « Оқитын өлке» акциясы өлкедегі ең үздік туындыны,
жергілікті ақын - жазушы,
қоғам қайраткерінің бір шығармасын
насихаттау, жастардың отандық әдебиетке, классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген сүйіспеншілігін ояту, олардың оқу
мәдениетін қалыптастырып, жетілдіру. Өскелең ұрпаққа
компьютерден, телевизордан басқа
Кітаптың бар екенін ұғындырып,
сезіндіру.
2011 жылы «Оқитын өлке» акциясы жазушы Ғалым Ахмедовтың «Жем бойында»
романынан бастау алды. 2012 жылы «Оқитын өлке» акция аясында Қазақстан
жазушылар Одағының мүшесі, ҚР халық
ағарту ісінің үздігі, ақын
Мұхтар Құрманалиннің
шығармашылығына арналды. Осы
жылы ақынның «Жұлдызды жорық» кітабы таңдалды. 2013 жылы таңдалған жазушы Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы бойынша ауданымыздағы
барлық кітапханаларында іс –
шаралар өткізілді. Ал,биыл
2014 жылы «Оқитын өлке» акция
аясында жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармашылығына тоқталып өтеміз. Талантты жазушы Тобық Жармағамбетов қазақ әдебиетіне өзінің ерекше қалам
қуатын, тың қадамын таныта
келген жаңашыл қаламгер
еді.
1 Жүр: Бүгін міне, орталық кітапхана
мен орталық балалар кітапханасы
бірлесіп «Оқитын өлке» акциясы аясында
жазушы Тобық Жармағамбетовтың шығармашылығына арналған «Жазушы Тобық
Жармағамбетовтың ұлағаты» атты бір күндік ауызша журнал ұйымдастырып отырмыз.
Журнал үш бөлімнен тұрады.
Бірінші беті : « Оқитын өлке» - кітап қадірін танытқан акция» , Екінші беті : «Найзадай сөздің сүйрігі, найзағайдай жүйрігі
– Тобық Жармағамбетов», Үшінші беті : «
Жазушының «Отамалы», « Қызыл ай», « Нәзік бұлттар» атты кітаптарынан үзінді оқу. Бүгін осы
ауызша журналымыздың екінші ,
үшінші бетін №2 мектеп – гимназиясы және
№4 мектептің оқушылары өз
тізгіндеріне алмақ.
Отамалы. Әңгімелер мен хикаяттар /Құраст. Е.Дүйсенбайұлы.
Алғысөзін жазған З.Серікқалиұлы. – Алматы: «Раритет», 2002.-212 бет.
Өмірден ерте өткен жазушының өз уақыты мен тұтас бір
ұрпақтың ғұмырнамасын өзек еткен «Жан», «Қара жаңбыр», «Қызыл ай», «Қарала
сиыр» т.б. әңгіме-хикаяттарында шынайы шыңдықпен нәрленген нәзік мұң, сәулелі
романтика өлеңдей егіз – қатар өріліп отырады. Ішкі лирикалық иірімінің
әсер-қуаты жөнінен бұл жинаққа енген туындылардың қай-қайсысы да прозадағы
поэзия іспетті.
Тобық-тағдыр. Жазушы Тобық Жармағамбетов туралы
естеліктер. Құрастырған: Әсем Мырзағұлқызы.
Ақтөбе, «NOBEL» баспаханасы, 2012 жыл.408 бет.
Талантты
жазушы Тобық Жармағамбетов қазақ әдебиетіне өзінің ерекше қалам қуатын, тың
қадамын таныта келген жаңашыл қаламгер еді. Ол алғашқы туындыларымен-ақ оқырман
қауымның ыстық ықыласына бөленді. Әдебиет сыншылары Тобық талантын жоғары
бағалады.
Отыз тоғыз жыл ғұмыр кешкен оның шығармалары күні
бүгінге дейін жұртшылық назарында. Бұл кітапта жазушының адами, қаламгерлік
келбеттері оның замандастары көзімен бейнеленіп, артында қалған мұрасының
бағасы беріледі.
2 Жүр: Республикалық акцияны ұйымдастыру комитетінің
төрайымы болған ақын Ф.Оңғарсынова:
«Жақын қалған жаһандану үрдісі қоғамымызға кітапсыз мәдениет, тәрбиесіз білім
мен түрлі діни ағымдарды енгізіп отыр. Мұның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс
екендігін түсіндіретін құдіретті күш — Ұлы жаратушы Алла, одан кейін Кітап…
Кітап әлемі —сырлы, тылсым әрі тұңғиық әлем. Оны таныған, тереңіне бойлаған
оқырманның жаны сұлу, жүрегі мейірімге толы, рухы асқақ болары анық», — дейді.
Олай болса, биылғы 2014 жылы «Оқитын
өлке» акция аясында таңдалған жазушы Тобық Жармағамбетовтың .кітабы облыс оқырмандарының жүректерін
мейірімге толтырып, рухтарын асқақтатарына күмән жоқ. Олай болса , енді ауызша журналымыздың екінші беті :
«Найзадай сөздің сүйрігі, найзағайдай жүйрігі – Тобық Жармағамбетов»
атты бөлімінде жазушының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өту үшін №2 мектеп –
гимназиясының кітапханашысы Сара
Калиеваға сөз кезегі беріледі.Ал қазір жазушы Тобық Жармағамбетовтың « Қызыл ай»
туындысынан үзінді оқитын № 2
мектеп –гимназиясының оқушысы Гүлназ Жумаева.
«Нәзік жаңбыр» туындысынан үзінді оқитын
№2 мектеп - гимназиясының оқушысы
Салима Бақтыбаева.
1 Жүр: Кітап —
адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп
беретін ғажайып құрал. Осы нақыл сөзді негізге ала отырып, қазіргі жастардың
кітапқа деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарымызды насихаттау
мақсатында ұйымдастырылып жүрген республикалық «Бір ел – бір кітап» және
облыстық «Оқитын өлке» акциялары туралы жиі айтылып жүр.
Бұган дәлел әрине,
бүгінгі біздің ауызша
журналымыз. Журналымыздың үшінші бөлімі
: « Жазушының
«Отамалы», « Қызыл ай», « Нәзік бұлттар» атты
кітаптарынан үзінді оқу. Ендігі
кезекті № 4 мектеп оқушылары : Абенова Адилия, Жумабаева Ақсауле,
Бескузова Ақмарал, Садуақасова Жайна
жазушы туындыларынан үзінді оқып,
көрініс көрсетпек. Ендеше
баршамыз тыңдалық.
2 Жүр: Бабалардан
басталып, бүгінге жетіп, ертеңге
бет түзеген осы мұраларымыз осындай «Оқитын өлке» акция аясында ғана
емес, әрқашанда әр
үйдің кітап оқитын
оқырмандарымыздың аяулы қазынасына айналып, әр оқырманның
кеудесіне сәуле түсіре алса -
мұраттың орындалғаны.
Олай болса құрметті бүгінгі «Оқитын өлке - кітап қадірін танытқан акция»
қонақтары!
Осымен
бүгінгі ауызша журналымызды
аяқтаймыз. Бүгінгі «Оқитын өлке»
акциямызға таңдалған жазушы Тобық
Жармағамбетовтың шығарма туындыларын
оқуға шақырамыз! Көріскенше күн нұрлы
болғай!


Комментариев нет:
Отправить комментарий